Нурдаулет 40 мысал MindMap

А. Байтұрсынұлы
40 мысал
Айна мен маймыл
Ала қойлар
Адамдар өзгелердің кемшіліктерін жеңіл байқайды да, өздерінің кемшіліктерін байқау қиын болып табылады
Аю: «Маймылжан, біраз ғана етсең төзім,
Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:
Әуре боп бөлелерің санағанша,
Абайлап қарашы әуел өзіңе өзің!»
Жарқын, өнерлі, мүмкін қызықты адамдар көбінесе билігі бар адамдарға асса ұнамайды. Сол адамдардың қолында билік болса, олар өзінен қызықтырақ, өнерлірек адамдарды басып тастауға тырысады. Және бар күні сол кезде қолында билік болған адамда емес, сол істі жасағанда болады.
Көкжалдар жүрер қойды бағып ойнай,
Ойнауын қоймас, әбден қарны тоймай.
Қасекең қойды баға бастаған соң,
Тұқымын қояр екен қалай жоймай?!
Арыстан, киік һәм түлкі
Қу және арам адамдар өздерінің пайдасы үшін өздерінің достарын да сатуға дайын болады. Сонымен қатар, ақыл ой мен сананың күштен маңыздырақ екенін көрсетеді.
Желікті мына сөзге енді Арыстан,
Қарғуға жар шетіне келді Арыстан.
Жете алмай қарғығанмен ар жағына,
Түбіне жардың құлап өлді Арыстан.
білікті бірді білімді мыңды жығар
Ат пен есек
Көмек керек адамдарға қол ұшын созу керек. Себебі, біздің өзіміз де қиын жағдайларға түсуіміз мүмкін, ал басқалардың қайғысы біздің өзімізге де үлкенірек қайғы болып келуі мүмкін.
«Мен қате еткен екем... Аһ! - деді.
- Есектен аз жүк алып, қарасқанда,
Қиындық мұндай маған болар ма еді?».
Аққу, шортан һәм шаян
Ешбір іс ортақ мүддесіз жүзеге аспайды. Әрбір адам "жүктің басын" өзіне тартатын болса, бұндай жұмыс жетістікке әкелмейді.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
Бірлік бар жерде тірлік бар;
Келісіп пішкен тон келте болмас
Аңдарға келген індет
Күнәсі аз, түзу, бишара адамдар әділетсіз жазаланады. Себебі, олар өздерін қорғай алмауы мүмкін, дәл сол кезде одан да жаман қылмыс жасаған адамдар жазаланбай қалады. Бұл олардың қоғамдағы орнына байланысты болуы мүмкін.
«Апырмай, бұ не деген күнә, тақсыр! -
Шуылдап қоя берді Аю, Қасқыр, -
Былғады бір өзі емес, бәрімізді,
Біреудің шөбін ұрлап, қара басқыр!»
Бұлбұл мен есек
Көргенсіз адамдар жиі өздері білмейтін нәрселерді бағалап, кеңес беруге ат салысады. Өзінің ойын орынсыз айтады.
«Есекке сынатпасын Құдайым», - деп,
Пыр етіп ұшыпты да кетіп қапты.
Егіннің бастары
Қоғамда өзі жайлы тым артық ойлайтын, өзін басқалардан күштірек санайтын адамдар бар. Алайда, олардың көбі шын мәнінде түкке де тұрмайды. Сонымен қоса, бұл жерде автордың "басындағы бидай" деп адамдардың басындағы ақылын меңзеп тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
Екі бөшке
Адам неғұрлым өзінің жетістіктері жайлы қатты айтатын болса, соғұрлым ол істердің пайдасы аз болады. Себебі, шынымен де пайдалы істер көпшіліктің назарынсыз істелінеді.
Бөшкеде не зат барын кім біледі
Қақпағын я бір жерін тесіп ашпай?!
Екі шыбын
Емен мен қамыс
Еменнің түбіндегі шошқа
Жарлы бай
Жас ағаш
Жүргіншілер мен иттер
Кісі мен көлеңке
Кісі мен аю
Кісі мен арыстан
Иттің достығы
Замандастарыма
Кейбір арам адамдар басқаның жасаған жұмысын өзіне тиесілі етеді. Яғни, басқаның еңбегін өзімсініп алады.
Адамдардың "майысуы", яғни бұл мысалда қоршаған ортаға бейімделе алуы өте пайдалы қасиет болып келеді. Алайда бұл моральдік принциптерді жою мақсатында емес, қаншалықты қиын жағдай болмасын, бейімделе білу керек екенін түсіндіру мақсатында жазылған.
Бұл мысалда көргенсіз адамдардың өздері қолданатын қолайлықтардың қайдан алынатынын білмейтіні көрсетіледі. Яғни, шошқа өзінің басын үстіге көтереле алмайды, жемістердің еменнен құлайтынын түсінбейді, сондықтан шошқаны ой-өрісі тар адам ретінде көрсетеді. Қазіргі заманмен салыстыратын болсақ, технологиялардың дамуына ыза болатын адамдар да осындай "шошқалар" сияқты, себебі олар дамыған өркениеттің жемісін жеп отыр.
Бір емес, толып жатыр осындай кеп,
Бар болып, жоқтың ісін істейтін кеп.
Үлкендеріңіздің кеңестерін назардан тыс қалдырмаңыз. Уақыт өтеді, олар енді тірі болмайды. Бірақ олардың даналығы бізде қалады, бұл өмірдің қолайсыз кезеңдерінде көмектеседі.
Күншілдік кезінде зұлым адамдар сізге зиян тигізуге тырысады, оларға назар аудармау және өз жолымен кету қиын, бірақ мұны істеу керек. Өсекшілер мен күншіл адамдарға қарсы ең жақсы құрал - олардың зұлымдық ерліктерін елемеу.
Орыстың мысалдарын(Крылов) аударып, өзінің қолынан келгенін елі үшін жасады. Қолынан бар келетін жасап, тырысты, осы еңбегінің зая кетпегеніне үміттенеді.
Кейбір адамдар сенімді және адал достар болып көрінеді, бірақ бір-бірімен бір нәрсе бөлісе салысымен, олар нағыз дұшпандарға айналады.
Мақтаншақтық жақсылыққа әкелмейді. Шын мәнінде жақсы болу керек.
Өтірік серіктерден алшық жүру керек. Жалған достардан арылу керек
сәттілікке сену - көлеңкеңді аулауға тырысу сияқты мағынасыз. Сәттілік бұл туралы мүлдем ойламайтындарға жиі барады, керісінше, оны қуып жүргендерден қашады.
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,
Мазалап, сұрап саған не керегі?»
Білеміз, Қамыс нашар, Емен мықты,
Еменді мықты деген дауыл жықты.
Майысып, қарсыласпай, Қамыс бұғып,
Сынбастан сол дауылдан аман шықты.
Өзен мен Қарасу
Өгіз бен бақа
Үлес
Қасқыр мен қозы
Қасқыр мен тырна
Қасқыр мен мысық
Қарға мен түлкі
Қартайған арыстан
Қарашекпен мен қой
Қара бұлт
Қайырымды түлкі
Қайыршы мен Қыдыр
Шымшық пен көгершін
Шал мен жұмыскер
Шал мен ажал
Түлкі мен қарашекпен
Сары шымшық
Малшы мен маса
Маймыл мен көзілдірік
Маймыл
«Ей, шіркін! Жақсылықты білмейтұғын!
Білсең сен, не бетің бар бүй дейтұғын?!
Жоғары қарай алсаң, білер едің
Шыққанын жеміс қайдан сен жейтұғын!»
Кей ақымақ әлек етер жақындарын,
Аямай жұмсап күш пен ақылдарын.
Иттердей үріп-үріп тарап кеткен,
Қояды шулап-шулап, үндемесек.
Сүйектей арасына нәрсе түссе,
Иттерден олар артық таласады.
Кейбіреу Қыдыр дарып, қараса бақ,
Бейне бір осы айтылған көлеңке нақ.
Қайрылмай, қарағанда, бақ-дәулетке,
Артынан қуалайды қайтарып ап.
Тек пайдалы еңбек қана адамдардың мақстанышына лайықты. Пайдасыз, жарамсыз еңбек адамға шынайы разылықты әкеле алмайды.
«Маймыл мен көзілдіріктің» түйіні - көбінесе надан, ой-өрісі тар, ақымақ адамдар бір нәрсені оның шынайы құндылығы мен маңыздылығын түсінбей сынайды. Сонымен бірге, надан адамдар түсіне алмайтын нәрсені ұрысады және сынайды.
Халық - маса, Ахмет - маса. Адамды ажалдан шағып оятқан маса. Яғни, үлкен адамды осындай кішкентай жәндік те құтқара алады. Кейбір жақсылықты адамдар толыққанды түсіне алмайды
«Сарышымшық» ертегісінің моральдық мәні - бос, елеусіз адамдар болмайтын еңбектері мен таланттары үшін жиі мақтанады, бірақ соңында олар басқалар үшін мазаққа айналады.
Ары таза адам өлім алдында болса да ұрлыққа бармайды. Ал ұрыға не жасасаң да, өз ұрлығын қоймайды. Яғни, ұрлық деген әрбір адам істей алатын нәрсе, және ол оның қоғамдағы орнына байланысты емес.
Тек көпшіліктің ғана емес, атап айтқанда әр мектеп жасына дейінгі баланың, оқушының, студенттің, жұмысшының, зейнеткердің өмірі арқылы жеткізу керек: қаншалықты қиын болса да, сіздің жолыңызда қандай кедергілер болса да, абыроймен жеңіске жетіңіз.
құтқарушы немесе кеңесші көмек бергенінің алдында кінәлі болады. Автор оқырманға альтруистік әрекеттерді жасау әрдайым марапатталмайтындығын айтады. Адамдар жақсылыққа жақсылықпен сирек жауап береді. Біз басқаларды өз бақытсыздықтарымыз үшін кінәлауға дайынбыз, бірақ оларға мұқтаждық пен қиыншылықта жүгінеміз. А. и. Крылов шығармасында басқаларға деген тұтынушылық қарым-қатынас, өзімшілдік, ризашылық тақырыбы қозғалады.
үлкен тәкаппар адамдар көбінесе басқа адамдардың қателіктері мен қиыншылықтарына күледі, бірақ соңында өздері де осындай жағдайларға тап болады. Бұл ертегіде Крылов ақымақтық, үлкен менмендік, мақтаныш, алыс көре алмау сияқты қасиеттерді мазақ етеді.
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Бұл күнде күштен ойды бұрын жұмса,
Қара күш бәйге алмай жүр осы шақта.
Амал ет заманыңның ыңғайына,
Бәйгесіз құр лағып босқа шаппа.
Ақылдан күшіңді артық көріп жүрсең,
Жадыңа бұл кеңесті оқып сақта!
Белгілі жаудан кісі күтінеді,
Тиеді достың оғы қапылыстан.
Орынды болса еткен михнатың,
Халықтың түсірерсің ілтипатын.
Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,
Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?!opic
Мысалы қазақ - малшы ұйықтап жатққан,
Жыланды бәле делік аңдып баққан.
Оның түрін көрген мен - Сарымаса,
Кейбіреу қолдан келмес істі ойлайды,
Мақсаты оныменен тұс болмайды.
Бұзықтық - бай, жарлыға бірдей нәрсе,
Пиғылды түзетпейді дәулет пен бақ.
Кейбіреу көтере алмай жүрсе кенін,
Кейіген сағатында тілейді өлім.
Жақсылық етсең де бір, етпесең де,
Жақпайсың кей ақымақ адамдарға.
«Жазмыштан озмыш болмас» деген сөзді
Бекер деп пікір ету жарамайды.
«Алланың адам басы - добы» деген,
Қуса да қалай қарай домалайды.
Барға қанағат ету керек, жұрттан озуды мақсат ептеу керек.
«Табалап өзгелерді, әй, Қайыршым,
«Қанағат етпеген соң, - деуші ең, - сазаң!».
Аз байлық емес еді сенің де олжаң,
Қызығып, демегенде «жұрттан озам!».
Өзіне тисеілі емес нәрселерді қолданатын адамдар, яғни шынымен де мұқтаж адамдардың нанын жеп отырған адамдар көп. Ондай болмау керек :)
Қарасақ, ел ішінде аз ба адамдар
Жеп жүрген обалсынбай жетім малын?
Кейбір адамдар өзінің еңбегін зая жұмсауда. Яғни, өздеріның басқаларға пайдасы тие алса да, оған құлшынбайды
Мұң десең, мұқтаж десең - қазақта көп,
Емес пе мұны ойламақ міндетіңіз?
Әрбір жағдайды әр адам өзінің дүниетанымына байланысты әртүрлі көреді. Сол үшін "кәнәлі" адамды іздеу шынымен де уақытты бекер кетурі болып табылады,
Көптеген әлсіз адамдар күштілерге қарсы әлі азайғанда ғана тұра алады, сол кезеңдерді қолданады. Бұл жауыздық.
Қартайған Арыстандай әлі кетіп,
Қаруы бұл уақытта азып жүрген.
Кінәлі біреу ойдан, біреу тілден,
Ахмет, осы айтқаның жетер, тоқта!
Жағымпаздық - жақсы емес. Адамдарды мақстаған кезде олар айқын ойлау қабілетін жоғалтады.
Алдаған залымдардың тіліне еріп,
Жүрмесек жарар еді мазақ болып.
Не ексең соны орасың
«Не ексең, соны орарсың» деген сөз бар,
Ор енді егініңді піскенінде!».
Нағыз дос әрдайым көсектесуге дайын, және көмегі үшін ештеңе күтпейді. Себебі ол өзінің де қиын жағдайға түсіп қалуы мүмкіндігін түсінеді.
Қасқырға қайыр істеп Тырна байғұс,
Қуанды кеткеніне өзі аман.
Қайырды қарап істе адамына,
Қарайлас өзіңменен шамалыға.
Билігі мен күші бар адамдар әлсіздерге тиседі. Бірақ осының бәрін заңды, дұрыс нәрсе деп ойлайды. Мысалы бұндай адамдар басқаларға жала жауып, оларға көптеген қиыншылықтар туадыруы мүмкін.
Осындай жазықсызды жазғыратын
Әр жерде күштілерде бар ғой қалып.
Халықтың арасындағы дау оның ертеңіне де кері әсер етеді. Бөлісе алмағандықтан пайда болған дау - адамдардық мүліктік байлықты рухани байлықтан жоғары қоюының белгісі.
Шығарға жол жоқ, жалын қамап алған -
Бәрі де мал-мүлкімен күйіп кетті.
Өзіңнен күштірек, бай адамдардың өміріне қызғанудың керегі жоқ. Олар сиқты өмір сүруге тырысудың қажеті жоқ.
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген
Осындай әуре болған жаннан қапты.
Еріншектік пен әрекетсіздік адамдардың бойындағы өнер мен таланттарды құртып, әлектеп жіберуі мүмкін.
Қозғалмай бұл күйіңмен жата берсең,
Боларсың Қарасудай ақырында.
142